Список статей
Балалар мен жасөспірімдерді қауіпті референтті ойындарға тартылуының алдын алу

Балалар мен жасөспірімдерді қауіпті референтті  ойындарға тартылуының  алдын алу  

Интернет технологиялары  балаларды оқытуда, сондай-ақ күнделікті өмірде өте пайдалы болып табылады.  Бірақ та, 

интернет технологияларды  жиі алаяқтарда пайдаланады.  Сол себепті де бұл мақаланы жазуға тура келді.    

Соңғы уақытта, интернет  желілері  арқылы референтті  ойындар таралуда -  компьютерлік қоғамдастықтар

немесе ойындар, сіздің достарыңыздың атынан  немесе әртүрлі топтар  арқылы жамылып, сіздерді  түрлі қауіпті немесе заңсыз әрекеттерді  жүзеге асыруға   мәжбүр  етулері мүмкін: банк карта нөмірін сұрау,  сіздің мекен-жайыңызды, жеке ақпаратты,  денсаулығыңызға зиян  келтіру және т.с.с. Яғни, бұл топта сіздердің мінез құлықтарыңызға әсер еті, сіздерді бақылайды. Содан кейін сіздерді қорқытып немесе бопсалау арқылы   ақша талап етіп,  іс-шараларды орындауды талап етеді.

Мұндай әрекеттер сіздердің  отбасыларыңызға  материалдық зиян ғана емес,  денсаулықтарыңызға да  зиян келтіруі мүмкін, бірақ  та заңмен де  жазалануы мүмкін (әкімшілік немесе қылмыстық). 

Заманауи  ғылымның кез-келген жетістіктерін  өздеріңізге кері де және игі істеріңіз үшін  де қолданыла аласыздар.  Сіздердің  балаларыңыздың  интернет-технологияларының  толық әлеуетін барынша пайдалануға және келеңсіз қауымдастықтар мен референтті  ойындарына қатыспауға көмектесетін бірнеше ұсыныстарды тұжырымдаймыз. 

Экранның алдында ұзақ отыру көз нервтерінің кернеулігін тудырады (көз құрғақтығы), ол ақпаратты қабылдауына және түсінуіне нұқсан келтіреді.  Сондықтан, компьютерде отыру  уақыты шектеулі болып және күніне 1,5 - 2 сағаттан аспауы керек, әр 20-30 минутта үзіліс жасалуы қажет.  Достарыңызбен және таныстарыңызбен  ақпаратпен бөлісіңіздер, көбірек қарым-қатынасқа түсіңіздер - бұл есте сақтау мен сөйлеуді дамытуға мүмкіндік береді.  Интернетті шынымен қажет болғанда ғана пайдаланыңыздар (байланыс үшін, ақпаратты іздеу үшін).

Әрине біз, желіде жиі және ұзақ «отыратын»  көптеген психологиялық және физикалық симптомдар сипаттамаларын атап өте аламыз:

 - жақсы көңіл-күй, тек компьютерде отырғанда  (отбасымен және достарымен араласу  кезінде көңіл-күйінің

болмауы); 

- өзін тоқтата алмау  (құмар ойындарға ұқсас жағдай);

 - отбасы мен достарына көңіл аудармау  (тікелей байланыс жиілігін төмендету); 

- оқуымен / немесе жұмысымен  байланысты мәселелер; 

- ұзақ отырғандықтан қол бұлшықеттерімен  байланысты,  нервтеріне  зақым келтіру; 

- бас ауруы (қан тамырларының қысымы мен тарылуы); 

- арқаның  ауырсынуы  (остеохондрозға

бейімділік пайда болуы және т.б.); 

- уақытында  тамақтанбау  (асқазан-ішек жолдарының аурулары); 

- жеке және қоғамдық гигиенаны қадағаламау; 

- ұйқының бұзылуы, ұйқының өзгеруі.

Компьютерді пайдалану барысында әртүрлі жарнамалар кездеседі  (контекстік жарнама),  мұраға ие болу үшін шақырылған шақыру қағазы, сыйлыққа ие болуға, ойындарға қатысуға, тауарлар сатып алуға және т.б.  Мұндай 

адамдармен байланысқа түспеніздер, хатты бірден өшіріп тастаңыздар. Барлық алаяқтар «өте жақсы психологтар», 

сіздерді  жоғарыда аталған заңсыз немесе   қауіпті әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу үшін, сізбен хат алмасудың немесе әңгімелесудің мақсатты бағдарламаларының бірі болып табылады. Танымайтын адамдарға 

желіде ақпаратты жарияламауға кеңес береміз, егер  сіздерді  заңсыз немесе қауіпті іс-әрекеттерді жасауға мәжбүрлейтін болса, бұл туралы полицияға хабарлаңыздар.  Бұл жағдайда, сіздерге  қалай әрекет ету керектігін  ескертеді.

 Бірақ қазіргі кезде, интернет технологиясыз толыққанды интеллектуалды даму  мүмкін емес.  Қазіргі кезде интернет желісінде сапалы және рұқсат етілген білім желілері бар -  бейне дәрістер, білім беру желілері, ғылыми ақпараттары  бар сайттар және т.б. Оларды  сабаққа дайындалу үшін  және емтихан тапсыру үшін пайдаланыңыздар. Ең бастысы осы аталған ұсыныстарды дұрыс қолдану керек!

 

№ 2 Красный Яр орта мектебінің психологиялық қызметі

Автор: Админ
Просмотров: 61
Дата создания: 20 Марта 2018 г.
Дата редактирования: 20 Марта 2018 г.
www.egov.kz
Опрос