Список статей
«№2 Красный Яр орта мектебі» КММ мемлекеттік қызмет көрсету аясы туралы 2017жыл бойынша есебі

 «№2 Красный Яр орта мектебі» КММ мемлекеттік қызмет көрсету аясы туралы 2017жыл бойынша есебі  

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі Бірыңғай тізілімді құрайды.

2017  дың соңы бойынша мектеп Тізілімі 4 қызметті қамтиды:

 

          1.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».

2.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы

бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау».

3.«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»        

4.«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау».

2017 жылдың ағымдағы кезеңінде  – 73 қызмет көрсетілді, олардан:

     1.Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары

бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына

құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау -60

2.«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 5

3.Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау -4

    4.«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»-4

 

2017 жылдың желтоқсанынан бастап мектеп Тізіліміне 2 қызмет енді:

1.«Аз қамтылған отбасылардың балаларына қаладан тыс және мектептік лагерлерге жолдамалар беру және құжаттар қабылдау.

2.«Негізгі орта білім,жалпы орта білім турады құжаттардың дубликаттарын беру». Есеп беру кезеңінде негізделмеген бас тартулар болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін бұзулар болған жоқ.Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымданулар болған жоқ.

Мектеп ұжымын және ата -аналар қауымын мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында мектеп дәлізінде көрнекті ақпарат стенді ілінді (стандарттар, өтініштердің үлгілері және т.б).

Мектепте қыркүйек айында «Мемлекеттік қызметті орындауға жауаптыларды тағайындау туралы» бұйрық шықты. 

2018 жылдың ақпан айында мектеп директоры Абдреупова С.А. және директордың ОЖ орынбасары Гибнер Т.В. мемлекеттік қызмет көрсету бойынша курстан өтті. Толығымен сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оң үрдіс байқалады,орындаушы тұлғалардың жауапкершілігі күшейтілді.


                           Мектеп директоры:                                    С.Абдреупова

 

Орын.. Т.Гибнер

40-41-61

 

 

Автор: Admin
Просмотров: 71
Дата создания: 3 Марта 2018 г.
Дата редактирования: 3 Марта 2018 г.
www.egov.kz
Опрос