Список статей
«Ұлты мақтаған -ұлы тұлға» атты жыр кеші.

             №2 Красный Яр орта мектебінде Қадыр Мырзалиевтің туғанына 80 жыл толуына байланысты «Ұлты мақтаған -ұлы тұлға» атты жыр кеші өтті.  

   Мақсаты: еліміздің ақиық ақыны Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру. Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің, қанатты сөздерінің мән-мағынасын ұғындыру. Ақын – жазушылардың жалпы өнерін құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.

   Кешке 5-7 сынып оқушылары қатысты. Кеш жүргізушілері Бримжанов Мақсат пен Қайырбекқызы Мәдина ақынның өмірі мен шығармалары жайында айтып өтті. Кітапхананың дәстүрі бойынша «Ұлты мақтаған ұлы тұлға »атты кітап көрмесімен таныстырды. Қадыр Мырзалиев жайында бейнебаян көрсетілді..Оқушылар ақынның жауһар жырларын мәнерлеп оқып, ақын жайлы өз ойларын білдірді.

   Ұстаздар мен оқушылар кештің ұнағандығын айтып, алғыстарын білдірді.

Автор: Ескендірова С.Б
Просмотров: 493
Дата создания: 6 Апреля 2015 г.
Дата редактирования: 6 Апреля 2015 г.
www.egov.kz
Опрос