Сөйлемдегі сөздердің байланысы

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Жаңа тақырыпты ашу арқылы оқушылардың сөйлем және оның тыныс белгілері жайындағы алған ұғымдарын тиянақтау.

Дамытушылық: Дұрыс сөйлеу,сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттіліктерін дамыту.

Тәрбиелілік: Табиғатқа деген ізгілікті қарым-қатынасты , таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың байланысы: дүниетану, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық.

Балалар сәлемдесу туралы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер?

(Сәлем сөздің анасы.Сәлем беру де парыз, сәлем алу да парыз. Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60 – тағы қария иіліп сәлем береді.)

-                     Мінеки, балалар, сәлемдесу де әдептіліктің белгісі. Біз сәлемдесу арқылы бір – бірімізге тек жақсылық пен қуаныш сыйлаймыз.

-          Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, сәлемдесейік.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

205-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазып, алғашқы екі сөйлемін, сұраулы сөйлемге айналдырып жазу.

ІІІ. Қайталау. Интерактивті тақтамен жұмыс.

«Ойлан тап» ойыны.

Ұяшықтар берілген.Оқушылар қалауы бойынша таңдайды. Әр ұяшықтың соңында сұрақтар бар.

 

1

2

3

4

5

6


1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? 2. Сұраулы сөйлем дегеніміз не? 3. Лепті сөйлем дегеніміз не? 4. Сөйлем дегеніміз не? 5.Жұмбақ .  « Өзім сөзден тұрамын, Аяқталған ойды құрамын.» 6. Мәтін деген не?

ІV.Жаңа сабақ.

Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

 207-жаттығу.Екі бағанды оқып, салыстыру.

Біз, ауыл, тұр.                                                Біз ауылда тұрамыз.

Балалар, қала, бар.                                        Балалар қалаға барды. 

Киім, кірлетпей, ки.                                      Киімді кірлетпей ки.

 

Сөйлем болу үшін сөздер қандай өзгеріске түскенін түсіндіру.

Ережені түсіндіру.

Интерактивті тақтамен жұмыс.

208-жаттығу.Үлгі бойынша ауызша орындау.

       Қоңырау соғылды.Оқушылар сыныпқа кірді. Сабақ басталды. Мұғалім тапсырманы тексерді. Тапсырманы барлық оқушы орындап келіпті.

Мұғалім тапсырманы тексерді.

-          Мұғалім не істеді?

-          Мұғалім тексерді.

-          Нені тексерді?

-          Тапсырманы тексерді.

209-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру.  

   




210-жаттығу.Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланыспағанын дәлелдеу.

      Сиыр өріс (тен ) келді. Нұрбол сиыр ( ды) қораға кіргізді. Апа (м ) сиыр сауды.

-Сиыр қайдан келді?

-Нұрбол нені қораға кіргізді?

-Кім сиыр сауды?

Сергіту сәті.

259-жаттығу. Қыстап қалатын құстар туралы әңгіме құра.

-Қандай құстар қыстап қалады?


 

        

 




Дәптермен жұмыс.

212-жаттығу.Сөйлемдерді оқып , ондағы сөздердің байланысын табу.Сөздердің байланысын сызып көрсету.

          Шөп өсті.( Не өсті?  Шөп өсті.) Атасы шөпті шапты. ( Атасы не істеді? Атасы шапты. Нені шапты? Шөпті шапты.) Біз шөпті тасыдық.. ( Біз не істедік? Біз тасыдық. Нені тасыды? Шөпті тасыдық.)

 

Сабақты бекіту.

а) «Жұбын тап» ойынын ойнау.

Сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқып, тыныс белгісін табу.

 

-          Алақай, әкем келді

-          Сенің атың кім

-          Оқушылар саяхатқа шықты

ә) Тест тапсырмасы:

Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысқанын тап.

А)  Үйді олар тазалау кірісті.

Ә)  Үй олар тазалауға кірісті.

Б)  Олар үйді тазалауға кірісті.

Үйге тапсырма:

214-жаттығу.

Ережелерді жаттау.

Бағалау.

 

 

 

Автор: Мугжанова Ж.Т.
Просмотров: 8094
Дата создания: 17 Января 2014 г.
Дата редактирования: 17 Января 2014 г.